ШҚО-да ет өңдеу кешені салынады
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды.
Комиссияның төрайымы болып «Семена маслиничных» шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Цыбенко Людмила Петровна тағайындалды.
Жаңадан құрылған комиссияның алғашқы отырысында Ұлан ауданының аумағында қуаты жылына 184 000 тонна құрама жем зауытын, қуаты жылына 20 000 бас селекциялық-генетикалық ферманы, қуаты жылына 400 000 бас 3 тауарлық ферманы және қуаты жылына 39 000 тонна ет өңдеу зауытын қамтитын интеграцияланған ет өңдеу кешенін салу мәселесі қаралды.
Құрамына депуттатар, қоғам белсенділері, партия белсенділері, жер саласына жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіретін комиссия тұрақты негізде жерді қайтару мәселесі бойынша партияға түскен өтініштерді қарап, жерді қайтару тетіктері бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, «Жер аманаты» республикалық комиссиясына ұсынып отыратын болады.