KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да COVID-19 бар пациенттер қандай дәрілік препараттарды тегін ала алады?

24.11.2020, 10:06 168

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы атап өтті.

Оның айтуынша, емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша амбулаториялық емдеу аясында жеңіл дәрежелі КВИ бар пациенттер парацетамол және ибупрофен сияқты таблеткадағы ыстықты төмендететін дәрілерді тегін ала алады.

Егер пневмония, сондай-ақ қауіп факторлары бар пациенттерде ықтимал жағдай расталса, онда олар тегін негізде Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран сияқты дәрілік заттарды ала алады.

- Стационардағы пациенттер коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасына сәйкес бюджеттік негізде ем алады, - деп атап өтті Думан Берікұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу