KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО дәріханаларында қант диабетімен ауыратындардың дәрілері жетіспей жатыр

25.01.2021, 15:48 192

Қант диабетімен ауыратын ШҚО тұрғындары үнемі тегін тұтынатын «Новорапид» және «Апидра» препараттары дәріхана сөресінен жоғалып кеткені үшін алаңдаулы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Белгілі болғандай, препараттардың жоғалып кетуіне жеткізушілердің аталмыш дәрілерден бас тартуы себеп болған. Облысымыз коронавирус бойынша «қызыл» аймақта болғандықтан дәрілерді әкелу шектелген. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы тегін гипотензивті, қантты азайтатын препараттардың тапшылығын растады.


-           "Новорапид" және "Апидра" препараттары бойынша негізгі себеп - жеткізушілердің шектеулерге байланысты бас тартуы. Қазір мәселе ҚР ДСМ және "СК-Фармация" ЖШС деңгейінде шешілуде", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы.

ШҚО-дағы науқастардың барлық топтары үшін 2021 жылға амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету бойынша 9 миллиард теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды. Алдағы уақытта тағы да бір жарым миллиард теңгеге сатып алынады деп күтілуде. Дәрілердің негізгі жеткізушісі-"СК-Фармация" ЖШС.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу