KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ковид пневмониясымен ауырғандар санаторийде тегін оңалтудан өте алады – ШҚО

24.11.2020, 17:51 290

 Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы КВИ-мен ауырған Шығыс Қазақстан тұрғындарына қандай оңалту курсы берілгені туралы айтып берді.

Оның айтуынша, ковид пневмониясы бар науқастар үшін оңалту тікелей ауруханадан басталады.

 

-Тыныс алу жеткіліксіздігі сақталған ковид-пневмонияның ауыр түрі бар пациенттер пульмонологиялық бөлімшеге ауыстырылады. Өйткені арнайы аппаратураның көмегімен тыныс алуды қолдау қажет. Шығарылғаннан кейін КТ бақылау жүргізіледі және одан әрі емдеу тағайындалады. Бронх демікпесі және ӨСОА сияқты созылмалы аурулар болған кезде ковид-пневмониясымен ауырған пациенттер үшін оңалту "Бурабай" санаторийінде тегін жүргізіледі, - деді Думан Берікұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу