KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Катонқарағайдағы жаңартылған туристік маршрут

Фото: Тілеубек Шаяхмет

24.07.2023, 21:00 4 478 ALTAINEWS

Катонқарағай ұлттық паркінде жаңартылған туристік маршрут таныстырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Қазақстандағы ең ірі табиғи парктердің бірі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Орман жолдары» туристік маршрутының ашылуы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Туристік маршрутпен сайтымыздың фототілшісі танысып қайтты.

БАҚ өкілдері, блогерлер, туристік фирма өкілдері, туристер және орман шаруашылығы қызметкерлерінен құралған топ ашылу салтанатынан кейін аталмыш маршрутпен танысуға шықты. 

 

Екінші нүктеде пантымен емдеу шипажайы бар, сол жерден барлығы атқа қонды.

 

Жол бойы навигациялық белгілер мен әртүрлі ақпараттық стендтер орнатылған. Суретте ұлттық табиғи парк қызметкері стендтегі ақпаратпен таныстырып жатыр.

 

 Қайың, қарағай аралас орман ішімен тауға қарай өрлейтін жол. Үшінші нүктеде орман ішінде марал шаруашылығы орналасқан.

Катонқарағай брендтерінің бірі – балқарағай.

 

Орман жолдары әдемі гүлдер мен ем шөптерге толы. 

 

Осы жерде табиғаттан күш-қуат алатын демалыс орны бар. Зәулім қарағай, самырсынның хош иісімен дем алып, тау энергетикасын бойға сіңіресіз.

  

 

 Туристік маршрутта тау бұлағы сарқырап ағып жатыр. 

 Келесі нүктеде кемпинг орналасқан. 

 

Кемпингтен жоғары қарай бірінші және екінші көру алаңы бар. Көріністі келесі фотолардан тамашалаңыздар.

   

Нағыз фотосессия жасайтын жер. Қазіргі цифрлық заманда бәріне де қол жеткізуге болады. Wi-fi көмегімен түсірілген автопортрет.

 Сапардың соңы өткен ғасырда жұмыс істеген шахтаның орнына барумен аяқталды.

  


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив