Катонқарағайдағы өрт: тағы 30 қызметкер көмекке жіберілді
6 қыркүйек күні Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында құрғақ шөп пен бұта өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тілсіз жау алдын ала болжам бойынша 40 га алаңға шарпыған.
- Қызыл жалынды ауыздықтауға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, полиция қызметкерлерінен 60-тан астам адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Бүгін таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз