KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
449.88 486.64 4.83

ШҚО-да өрт сөндіру көліктері мен құрылғылары жеткіліксіз

21.05.2019, 11:14 183

Көктем келіп, күн жылынып, жер кепкен соң дала және ормандар өрттері жиілей бастайтыны белгілі. Осыған орай көктемде өрт қауіпінің алдын алуға арналған дайындық жұмыстары жүргізілуге тиіс. ШҚО-жа атқарылып жатқан мұндай жұмыстардың дайындық деңгейі тексерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тексерудің қорытындысы бойынша, ШҚО-да өрт сөндіру көліктері, тракторлар жеткіліксіз екені анықталып отыр. Табиғат қорғау мекемелері әлі де өрт сөндіру құрылғыларымен жүз пайыз қамтылмаған. Сонымен қатар, облыста орман өртін сөндіру жоспары әзірленбеген екен.

Бұл туралы «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының» бас маманы Дархан Ерсалин мәлімдеді.

- Атап айтар болсақ, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне төрт станция, Марқакөл табиғи қорығына бір станция қажет. Сондай-ақ тоғыз өрт мұнарасы керек. Бұдан басқа өрт сөндіру көліктері, тракторлар жеткіліксіз, - дейді Дархан Ерсалин. 

Кезекті тексеру кезінде облыста орман өртін сөндіру жоспары әзірленбегендігі де анықталған. Өскемен және Самар орман шаруашылықтарының жоспары қағидаға сай келмейді. Яғни, олардың өрт қаупі кезеңіне дайындықтарының төмен. Осы факті бойынша аталған орман шаруашылықтарының жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

-Қаражаттың жоқтығына байланысты орман мекемелерімен орман орналастыру құжаттарында көрсетілген өртке қарсы іс-шаралар толығымен орындалмауда, - деді Дарзан Ерсалин.

Айта кетсек, ШҚО-да жыл басынан бері төрт орман өрті орын алды. Оның екеуі «Семей орманы» табиғи резерватында, қалған екеуі «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде.

Өткен жылы орман қоры аумағында 137 өрт тіркелген: 19 өрт - облыстың орман шаруашылықтары аумағында, 99 өрт - «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында, тағы 19 өрт - «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында. Орман өртінен келген залалдың сомасы – 91 миллион 120 мың теңгені құраса, өртті сөндіруге 5 миллион 65 мың теңге жұмсалыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив