KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде жаңадан жөнделген жолдың сапасы тексерілді

Фото: Altaynews.kz

25.05.2023, 23:47 209

Бұған дейін жазғанымыздай, өткен аптада Меновное мен Ахмер ауылдары ортасында орналасқан "Радуга" бау-бақша серіктестігіне дейінгі жолды орташа жөндеу аяқталды.

Бұл жол ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмей келді және асфальт жабындысын толығымен ауыстыру қажет болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғындар саны болса жыл сайын артып келеді, сондықтан қалалық әкімдік күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады.

– Бізге №53 автобус келеді, бұған дейін жүргізушілер жолдың бұзылуына байланысты саяжайларға баруды тоқтатамыз деп үнемі шағымданатын. Қыста қалаға бару қиын, такси жүргізушілері де машиналарын аяп келмейді. Онда Ахмер немесе Меновное ауылдарындағы орталық жолға дейін жаяу баруға тура келді. Жөндеуді бастаған кезде біз сенбедік, енді біздің қуанышымызда шек жоқ, – дейді бақша қоғамының тұрғыны Алена Красносельский.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тәуелсіз сараптама асфальт төсеу сапасын тексерді.

– Мұнда қиыршықтас-мастит асфальтының жоғарғы қабаты 8 сантиметрді құрайды, нормасы 5 сантиметр. Сонымен технология сақталып, жаңа жол ұзақ уақыт тұрғындарға қызмет ететін болады, – деп түсіндірді жолдың сапасын арнайы тексерген Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив