«Ахмер-Меновной» төртжолақты жолы ашылды – Өскемен
Өскемендегі Ахмер және Меновной елді мекендерін жалғайтын жолдың жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Қала басшылығы жаңа жолды бір апта ішінде ашуға уәде берген болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш елді мекендердің тұрғындары жолдың жөндеу жұмыстарына байланысты көлікпен қатынау кезінде көптеген қиындыққа тап болып келді. Енді алдағы уақытта тұғындар төрт жолақты жолмен емін-еркін жүреді алады.
– Көліктер әр бағыт бойынша екі жолақпен еркін қатынай алады, – деп жазды Өскемен әкімі Жақсылық Омар Instagram парақшасында.
Оқи отырыңыз