KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бажов көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды – Өскемен

2.09.2020, 10:26 193

Бажов көшесінің Абай даңғылынан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейінгі аралықтағы учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жолдың бұл учаскесі 10 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген.

- Жаңартылған көшеде жиектастар ауыстырылып, тротуарлар жөнделді. Көшенің көлік жүретін бөлігіне жаңа асфальт төселіп, белгілер қойылды. Автомобильшілерге кедергі келтірмеу үшін жол төсемін жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Әкімдіктегілер ұзындығы 5,5 шақырым жолды мердігер компания - «Катонқарағай ПДУ» ЖШС уақытында аяқтады деп отыр.

Еске сала кетейік, маусым айының соңында Бажов көшесін Жол активтері сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы тексерген болатын. Мамандар жөнделген жолдан ешқандай олқылық көрмей кеткен. Енді төселген асфальт көктемде опырылып қала ма, қалмай ма, ол жағы әзірге белгісіз, уақыт еншісінде. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу