KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Өскеменде жас полицейлер мен тәлімгерлер слетке қатысты

Фото: egemen.kz

5.07.2023, 10:48 421

Өскемен қаласының полиция басқармасында жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті өтті.

Шараға жұмыс өтілі бір жылдан аз 70-тен аса қызметкер мен олардың аға әріптестері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тәлімгерлер жас қызметкерлердің басқармадағы қызметке тез бейімделуіне көмектеседі.

– Кездесу мақсаты – жас буынның кәсіби біліктілігін арттырудағы полиция қызметкерлерінің тәлімгерлік рөлін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Заңдар мен өкімдерді зерделеу, процессуалдық құжаттарды дайындау, қылмыскерлерді ұстау дағдыларын меңгеру, сыбайлас жемқорлық, парақорлық және қызмет мүддесіне опасыздық жасау фактілерін жою сияқты еңбек процестерінде тәлімгерлердің жас қызметкерлермен бірге жұмыс істеуі өте маңызды, – деді Өскемен қаласының ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Баяндинов.

ПБ-да қызмет ететін жас қызметкерлер тұрақты тәлімгерлердің бақылауында болады.

            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив