KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Тәртіп сақшылары ардагерлерге құрмет көрсетті – Өскемен

Фото: Өскемен қаласы ПБ парақшасынан алынды

26.06.2023, 11:36 283

23 маусымда Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы сала ардагерлерін құттықтады.

Шараға ішкі істер органдарының құрылуына атсалысқан, құқық қорғау органдарында жұмыс істеген ардагерлер шақырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз іздеріңізді жалғап келе жатқан жас полиция қызметкерлеріне үлгі болады, оларды лайықты тәрбиелеуге көмектеседі. Жас қызметкерлер арасында тәлімгерлік бойынша үлкен жұмыс жүргізіп және олармен кәсіби тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін біз өте ризамыз. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық және ұзақ, бақытты өмір тілеймін, – деді полиция полковнигі Андрей Мула.

Шақырылған барлық ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс хаттар және конверттер табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив