KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

22 жастағы азамат басқару құқығынсыз көлік жүргізген – Өскемен

Фото: egemen.kz

24.07.2023, 11:08 231

Өскемен қаласында басқару құқығынсыз көлік жүргізген азаматқа қатысты хаттама толтырылды.

Өскемен қаласының ПБ ППБ «Боран-20» экипажының қызметкерлері «Автомобиль» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында шетел есебіндегі «Лада Приора» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көлік тізгіндеген 22 жастағы азаматтың басқару құқығы жоқ болып шықты. Өскемен қаласының ПБ дерегінше, оған қатысты ҚР ӘҚтК 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылған.

Өскемен қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жол қозғалысы ережесін сақтау және көлікті тиісті құжаттарсыз басқармау қажеттігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив