KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

18.08.2022, 14:42 141

13 тамыз күні Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп көлік басқарған «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынуға тырысқан.

-        «Сергек қорғау» қосымшасының көмегімен құжаттарды тексеру барысында, тәртіп сақшылары көлік жүргізушісі Ақмола облысы Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны екенін, сонымен қатар ол көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз, сонымен қатар жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргізгенін анықтады. Белгілі болғандай республика бойынша аталған нөмірдің 175 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген, айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден астам., - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігі (30 АЕК мөлшерінде айыппұл), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3-бөлігі (15 АЕК мөлшерінде айыппұл) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Автокөлік қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу