ШҚО-да 500 литр ішімдік тәркіленді
Полиция қызметкерлері Өскемен-Риддер тас жолында жедел-алдын алу шараларының аясында тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Тексеру барысында тоқтатылған автокөліктердің бірінен 500 литр ішімдік табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО Полиция депаратментінің ақпараты бойынша, Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны ВАЗ 21150 маркалы көлігімен алкогольдік ішімдік тасымалдаған. Ал оған қажетті құжаттары жоқ болып шықты. 500 литрден астам ішімдікті пластик бөтелкеге құйып, қаптарға салып алған екен. Барлық алкголь өнімі тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Жүргізушіге қатысты тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.