KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Қоғам белсендісі бұзықтарға қатысты шара қабылдауды талап етті - Өскемен

26.08.2024, 10:43 91 Ержан Әбіш

Өскемен тұрғыны, қоғам белсендісі Татьяна Чернышова әлеуметтік желідегі өз парақшасында қала аулаларының бірінде сынып жатқан ағаш бұтақтарының фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Татьяна Чернышованың мәлімдеуінше «Орталық» пәтер иелері кооперативіне қарасты Қазақстан көшесіндегі 72-ші көпқабатты үйдің ауласында өсіп тұрған ағаштың бұтақтарын балалар сындырып тастаған.

– Мұның бәрін жел емес, ауламызда ойнап жүрген балалар жасады. Қоғамдық тәртіп пен жасыл желектерді сақтау жөнінде тиісті шаралардың қабылдануын сұраймын, – деп жазады белсенді.

Оның айтуынша, биыл көппәтерлі тұрғын үйлер аумағында балалар вандализмі жиілеп кеткен және оның басты себебі – ата-ана тарапынан тәрбиенің жоқтығы.

– Өкініштісі сол, бұл жайттар қалалар мен ауылдарымызды абаттандыруға, қоғамда экологиялық сананы дамытуға арналған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы кезінде болып жатыр, – дейді Т. Чернышова.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив