KZ
Өскемен
-9°
снег жел 4 м/с, З
494.63 583.22 6.42

Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

19.05.2025, 10:00 307 Төлеуғазы Жансая

 

Бүгін Өскемен қаласындағы Әуежай ауданында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу шарасы өтеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — шартты түрде туындаған терроризмдік сипаттағы қауіп-қатерлер жағдайында жедел қызметтердің үйлесімді іс-қимылын пысықтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жетілдіру.

Осыған байланысты аталған аумақта уақытша шектеулер енгізіледі, соның ішінде көлік қозғалысына ішінара тыйым салынуы мүмкін.

ШҚО ПД Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың заңды нұсқауларын орындауды сұрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу