Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Облыс орталығында 30 сәуірде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыда осал объектілерде түрлі сценарий пысықталады. Осыған байланысты белгілі бір шектеу шаралары енгізіледі. Айталық, көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз», - деп мәлімдеді облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Оқи отырыңыз