Күршім ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
18 қазанда Күршім ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында терроризмге осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Сонымен қатар бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Күршім аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы аудан тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Оқи отырыңыз