KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Телефон тіркеуде бет-әлпетті сканерлеу енгізілуі ықтимал

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 21:46 287

Енді байланыс операторлары қазақстандықтардың бет-әлпетін сканерлеген соң ғана ұялы телефон нөмірін тіркейді.

Талқыға шығарылған «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» министр бұйрығы «биометриялық деректер» терминімен толыққан, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол – абоненттің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес мәліметтер.

  "Абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерін дұрыс сәйкестендірусіз онлайн сервис арқылы тіркейді. Бұл проблеманы абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады. Осылайша, құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмайды. Осы қылмыстарды азайту және алдын алу мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылданды", – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр Бағдат Мусиннің бұйрық-жобасында.

Жаңа талап енгізілсе, онда ұялы байланыс операторлары абоненттерден биометриялық деректерді (адамның бет-әлпеті) жинап, кейін қызмет көрсету шартын жасасады.

Бұйрық жобасы 3 тамызға дейін көпшілік талқыда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу