Елге келген туристер саны жазда 3 есе артты
Фото: egemen.kz
Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артқан.
ТМД елдерінен келген туристер саны 180 мың болған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ТМД елдерінен келген туристер саны 180 мың немесе 72% болған. Бір қызығы, былтыр дәл осы көрсеткіш 77% болған еді. Яғни алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.
Мәселен, Моңғолиядан келгендер саны 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін) Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), сондай-ақ АҚШ-тан келген туристер саны 2,2 есе (1 237/2 761) өсті.
Шетелдік туристердің елімізге демалуға келетін басты бағыттары: Алматы қаласы (1 маусым мен 23 шілде аралығында – 77 308 турист), Астана қаласы (38 463 турист), Алматы облысы (19 049 турист) және Маңғыстау облысы (15 062 турист).