KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Рейтинг: Туристер жиі және сирек тоқтайтын өңірлер

27.04.2023, 23:39 373

Еліміздегі туристер жиі және сирек тоқтайтын өңірлер рейтингі жасалды.

Мәдениет және спорт министрлігі туристерге қызмет көрсету бойынша көшбасшы және аутсайдер өңірлер рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Рейтингте туристерге қызмет көрсету жағынан Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр екен. 2022 жылы Қазақстандағы орналастыру нысандарының қызметін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Олардың 45%-дан астамы үш мегаполисте тоқтаған. Ал мұндағы ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады. Алматыға – 1,8 млн турист (417,4 мыңы шетелдік туристер), Астанаға  1,2 млн-ға жуық (238,5 мың шетелдік турист), Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) барған.

Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.

Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін Қазақстандағы ішкі туризмді 11 млн адамға, ал сырттан келетін демалушылар санын 4 млн адамға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу