KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Барлық облыста туризм көрсеткіштері өскен

27.01.2023, 14:54 427 Ләззат Қанатқызы

Соңғы 9 айда еліміздегі ішкі туристер саны 6,5 миллионға жеткен.

Сондай-ақ жыл басынан бері 5 мың қонақ үй нөмірі пайдалануға берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен жылы 8 млн қазақстандық ел ішінде саяхаттаған және әрбір төртінші турист ұлттық парктерге барған көрінеді.

- Туризм саласы пандемиядан кейін қалпына келіп жатыр. Соңғы 9 айда қазақстандық ішкі туристер саны 6,5 млн болды. 2022 жылдың қорытындысы – 8 млн шамасында болады деп отырмыз. Бұл біздің 2025 жылға қойған көрсеткіш болған. Еліміздегі турист саны өсті, соған сәйкес жатын орын саны да өсуде. Жыл басынан бері 11 мың жатын орын немесе 5 мың қонақүй нөмірлері жаңадан пайдалануға берілді, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризмді дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі алқа отырысында.

Сондай-ақ ол өткен жылы ұлттық парктерге 2 млн турист барғанын, бұл абсолюттік рекорд екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу