KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны артты

Фото: egemen.kz

23.06.2023, 13:36 209

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны өсіп, 8,5 млн адамға жетті. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеген.

Асхат Ораловтың мәлімдеуінше, былтырғы ішкі туризмнің өсімі пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 млн адамға артқан, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен жылы ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл нәтижені жақсарта түсу үшін Мәдениет және спорт министрлігі 10 негізгі бағытты анықтады. Қазақстанның әр өңірінде, атап айтқанда, 3 мегаполисте және 17 облыста өзіміздің бірегей, ерекше орындарымыз бар. Пандемияның салдары ішкі туризмнің дамуына ықпал еткенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар еліміздің өзге өңірлеріне жиі саяхаттай бастады, – деді Асхат Оралов.

Министр сонымен қатар ресейлік туристер саны да артқанын мәлімдеді.

– Бізге әрқашан ресейлік туристер жиі келіп тұрады. Дегенмен қазір олардың саны артып келеді. Бұл әсіресе шекара маңындағы аймақтарда айқын байқалады. Сондай-ақ Маңғыстау облысына Ираннан келетін туристердің қатары күрт артты. Мемлекет басшысының Иран Республикасына жасаған сапарының қорытындысы бойынша визасыз режимге қол қойылды. Бұл – үлкен жаңалық. Осы жылдың наурыз айында, яғни Наурыз мерекесі қарсаңында алғашқы 300 турист Маңғыстау облысына, атап айтқанда, Ақтау қаласына келді, – деді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив