KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстаннан 31 мыңнан астам адам кетті

17.10.2019, 12:06 187

Жыл басынан бері Қазақстаннан 31 287 адам кетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3550 адамға (27 737 адам) артық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Статистика комитетінің есебіне сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанға қоныс аударғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11,9 пайызға азайған. Бұл қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш.

Ал келгендер саны, кеткендер санынан 12,8 пайызға артқан. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүріп жатыр. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 81,3 пайыз және 91 пайыз болды.

Сондай-ақ ел ішінде қоныс аударғандардың саны 23,5 пайызға артқан.

 


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу