KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді

Фото: primeminister.kz

2.08.2023, 10:38 164

Кеше Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді.

Делегацияны әуежайда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қонақтар қатарында Ауғанстанның Орталық банкінің басшылары, ірі жекеменшік банктердің, «Да Афганистан Брешна Шеркат» (DABS) энергетикалық компаниясының, «Афган телеком» (AfTel) телекомуникациялық компаниясының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы палатасының, сауда-инвестициялық палатасының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, көлік-логистика, инженерлік, тоқыма және басқа компаниялардың өкілдері бар.

2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді. 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.

              

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу