KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Ауғанстанмен арадағы тауар айналымын арттыру жоспарланған

Фото: ortcom.kz

1.08.2023, 10:12 1 205

3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш пен сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев осы және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық қатынастардың болашағы туралы айтып берді.

Алдағы уақытта екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстан – Қазақстан үшін ұн өткізудің басым нарығы. Ол осы тауар экспортының жалпы көлемінің 70% құрайды. Былтыр ұн жеткізу көлемі 52% (2021 жылы 895 126 тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20%-ға (2021 жылы 571 704 тоннадан 2022 жылы 686 729 тоннаға дейін), күнбағыс майы – 6,2 есеге (2021 жылы 2825 тоннадан 2022 жылы 17 576 тоннаға дейін) артты. Биыл қара бидай жөнелтіле бастады. Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстанға бидай, күнбағыс майын, зығыр тұқымын жеткізеді. Соңғы кездері Ауғанстанға жеткізілетін экспорт әртараптандырылып, дәрілік заттар, тыңайтқыштар жөнелту мен жалға беру тұрақталды.

– Ауғанстан Орталық Азияның барлық елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды. Былтыр өзара тауар айналымы 1 млрд долларға жетті. Алдағы жылдары біз бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді СИМ вице-министрі Қайрат Төребаев.

Ауғанстан – Орталық Азияның көлік дәлізі, сондай-ақ Орталық Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдері арасындағы байланыстырушы көпір. Қазақстанға Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне, Африкаға шығу мүмкіндігін ашады. Бұл – қазақстандық экспорттаушылар үшін сауда жасау үшін жаңа және өте тартымды нарықтар.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $987,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе артық ($474,3 млн). Бұл ретте, әдеттегідей, бұл көрсеткіштің шамамен 90%-ын қазақстандық экспорт, негізінен өңделген өнім құрайды.

2023 жылдың 5 айында елдер арасындағы сауда-саттық $316,6 млн құрады, оның $310 млн қазақстандық экспортқа тиесілі.

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай-химия, химия, металлургия, жеңіл, машина жасау салаларында $500 млн астам сомаға жеткізудің экспорттық әлеуетіне ие.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу