KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Астанада Қазақстан-Ауған алғашқы бизнес-форумы өтеді

Фото: ortcom.kz

1.08.2023, 10:00 1 128

Ауғанстан Үкіметі мен бизнес өкілдерінің делегациясы Қазақстанға келеді.
Биылғы 3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді, деп хабарлайды Altaynews Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстан – Қазақстан үшін ұн өткізудің басым нарығы. Ол осы тауар экспортының жалпы көлемінің 70% құрайды. Былтыр ұн жеткізу көлемі 52% (2021 жылы 895 126 тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20%-ға (2021 жылы 571 704 тоннадан 2022 жылы 686 729 тоннаға дейін), күнбағыс майы – 6,2 есеге (2021 жылы 2825 тоннадан 2022 жылы 17 576 тоннаға дейін) артты. Биыл қара бидай жөнелтіле бастады. Сонымен қатар Қазақстан Ауғанстанға бидай, күнбағыс майын, зығыр тұқымын жеткізеді. Соңғы кездері Ауғанстанға жеткізілетін экспорт әртараптандырылып, дәрілік заттар, тыңайтқыштар жөнелту мен жалға беру тұрақталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив