KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тұтынушы құқығы бұзылғаны туралы өтініштердің саны артты

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 16:32 331

Елде тұтынушы құқығы бұзылғаны туралы өтініштердің саны жыл сайын артып келеді.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен Үкімет отырысында тұтынушы құқығын қорғау саласындағы жаңа шаралар қаралды.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин республикада тұтынушылардың құқығы бұзылғаны туралы өтініштердің саны жыл сайын артып келетінін баяндаған. 2022 жылдың өзінде ғана СИМ 30,2 мыңнан астам өтініш қараған. Басқа мемлекеттік органдар бойынша да жағдай осындай.

  "Көбіне азаматтар медициналық қызметтердің сапасы, байланыс қызметтері, қалалық қоғамдық көліктер және қоғамдық тамақтану қызметтеріне шағымданады. Бұл ретте өткен жылы келіп түскен өтініштердің 44,8%-ы бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетіліп, 43,7%-ы бойынша оң шешімдер қабылданды. Жалпы, тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылды", – деп жазылған хабарламада.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу