KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Жалпы білім беретін мектептерге қабылдау ережесі өзгереді

Фото: egemen.kz

19.09.2023, 18:30 1 113

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1-сыныбына құжат қабылдау 1 сәуірден бастап іске асырылады, деп хабарлайды Altaynews Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін құжаттар 1 тамызға дейін қабылданатын. Қазір мұндай шектеу жоқ.
Енді қызмет көрсетуші 1 қыркүйектен бастап қызмет алушыларға оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. Сондай-ақ оқушыларды тегін оқу орындары болған жағдайда мектептің қызмет көрсету аймағынан тыс жерлерден қабылдау іске асырылады. 

Айта кетсек, орта мектепке балаларды қабылдау мерзімі ұзартылды.

Жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 10, 11 (12) сыныптарына қабылдау білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.

Құжат 3 қазанға дейін  Ашық НҚА сайтына орналастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив