Педагогикалық және медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы көтеріледі
Елімізде педагогикалық және медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі.
Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерін белгілеу ережесінің жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді:
- даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 (36 660 тг болған) теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында білім алатын студенттерге – 67 200(58 800 тг болған) теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200(58 800 тг болған) теңге;
- интерндерге – 75 890(66 403 тг болған) теңге;
- магистранттарға – 97 024(86 987 тг болған) теңге;
- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500(өзгеріссіз қалды) теңге;
- докторанттарға –217 500 (195 000 тг болған) тенге;
- даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 217 500(195 000 тг болған) теңге;
- даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579(100 036 тг болған) теңге;
- мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес.
Оқи отырыңыз