KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады

11.08.2022, 17:50 196

Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта дарынды балалар оқып, элиталық білім алатын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдауға қатысты өзгерістер қамтылған.

Атап айтар болсақ, мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Бұрын бұл мерзім күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін болатын.

Сондай-ақ енді байқауға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасы балалары қатыса алады.

Құжаттарды электрондық форматта ұсынуға болады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

    «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде болады.

    Мамандандырылған мектепке қабылданған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балалары жергілікті атқарушы өкілді органдардың және/немесе меншік нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының басқару органының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.

    Бұйрық 2022 жылғы 10 тамыздан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу