KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жойылады

Фото: baribar.kz

19.12.2023, 21:17 190 Ынтымақ Толқын

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жойылады

 

Бірыңғай жиынтық төлемді осыған дейін төлеп қойған азаматтар 2024 жылы не істеуі керектігін ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

 

БЖТ 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген және оны қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

 

Комитет өкілдері бір жыл ішінде кірісі 4,1 млн теңгеден (1175 АЕК) аспаған, жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсеткен азаматтар үшін осыған дейін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілгенін атап өтті.

 

  • Осыған байланысты БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет. Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим "E-Salyq Вusiness" арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып саналады", – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.

 

Бұл режим несімен ыңғайлы?

 

  • дара кәсіпкер ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ "E-Salyq Вusiness" арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жүргізіледі;
  • мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;
  • мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;
  • мобильдік қосымша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықты (табыстың 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге).
  • декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ.

 

Сондай-ақ, мамандар пәтерді жалға беретін және БЖТ төлеген тұлғалар салықтарды дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз төлей алатынын және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) жылына бір рет тапсыра алатынын ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив