ШҚО кәсіпкерлері бірыңғай төлемді қашан қолдана алады?
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның Салық кодексінде бірыңғай төлем қолданыла бастады. Бұл норма салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету, жүктемені азайту және жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру үшін енгізілген.
Жалақыдан бірыңғай төлемді микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірыңғай төлемді енгізу шағын бизнес өкілдеріне бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістерінен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасауды жеңілдетуі керек деп күтіледі.
Бірыңғай төлемді аудару мерзімі – ай сайын, әр айдың 25-інен кешіктірмей.