KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Сатып алған тауарды чексіз қалай қайтаруға болады?

Фото: depositphotos.com

11.07.2024, 14:40 141 Ержан Әбіш

Әрбір адам тауарды айырбастауға немесе қайтаруға тап болған шығар, бірақ мұндай қайтарудың тәртібі қандай екенін бәрі түсіне бермейді. Сатып алушылардың чектерді алмау немесе жоғалтып алу жағдайлары жиі кездеседі. Бірақ соған қарамастан, чек жоғалған жағдайда тауарды дүкенге қайтарудың бірнеше жолы бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес сатушы тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге міндетті.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан сатып алу фактісін дәлелдесе, айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.

Сонымен бірге тұтынушыда тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу фактісін растау болып табылатын фотоға немесе бейнежазбаға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Сонымен қатар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Чектер арқылы кәсіпкер алған пайданы есепке алу жүргізіледі және сәйкесінше кәсіпкерге осы сомадан қанша салық төлеу керектігі белгілі болады. Чекті берместен кәсіпкер салық төлемдерінен жалтарады. Дегенмен, чек берілмеген болса, тұтынушы салық органдарына өтініш беру арқылы жүгіне аласыз.

Тұтынушы әркез тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты талап етуге тиіс.

Тұтынушылар өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне хабарласа алады. Өскемен, Крылов көшесі, 114, телефон 8 (7232) 267207, dzpp.vko@mti.gov.kz.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу