KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Тұтынушы құқығы туралы не білеміз?

фото: basta.kz

20.12.2023, 16:26 187 Оразай Жеңісұлы

Тұтынушы тауар сатып алғанда немесе белгілі бір қызмет құнын төлегенде аталмыш өнімді өндіретін және сататын, тапсырыс берілген жұмыстар мен қызметтерді орындайтын кәсіпкерлермен құқықтық қатынасқа түседі. Осы ретте тұтынушы қандай құқықтарға ие? Бұл туралы Altaynews.kz сайты хабарлайды.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 7-бабына сәйкес тұтынушылардың:

      1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;

   2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;

      3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;

      4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;

      5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;

      6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;

      7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;

      8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;

      9) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;

      10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;

      11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;

      12) моральдық зиянды өтетуге;

      13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;

      14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері де Заңның 24-ші бабына сәйкес өз міндеттерін білуі қажет. Сатушы (дайындаушы, орындаушы):

1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге;

      2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз етуге;

      4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз етуге;

      5) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге;

      6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге;

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;

      8) бақылау-касса машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірі көрсетіле отырып) жүгіну құқығы туралы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруға;

      9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің) болуын және оның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтауын қамтамасыз етуге;

      10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беруге;

      11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;

      12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

Оған қоса сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсетіп, тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.

Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын теңгемен жазбаша түрде көрсетіп, тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілейді.

Электрондық саудада сатушы сатып алу-сату шартын жасасу алдында тұтынушыға тауарға ақы төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге міндетті.

Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілі бір жағдайларды қоспағанда, сатушы (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушының фото-бейнетүсірілім қолдануына шектеу қоя алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу