KZ
Өскемен
-23°
туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Жеңілдікпен сатып алынған тауарды қайтаруға бола ма?

Фото: malls.ru

13.06.2024, 22:30 145

«Жаппай сату»  кезінде алынған  тауарды қайтаруға немесе айырбастауға бола ма?

                  Дильназ, Өскемен қаласы

Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жауап берді:

– Егер сатушы тұтынушыға, тауардың кемшіліктері барын және сол себептен арзандатылып сатылатынын хабарламаса, тұтынушының оны қайтаруына қарсы болуға құқылы емес. Заңға сәйкес, сатушы кемшіліктері туралы алдын ала ескерткен жағдайда, тауар қайтаруға және айырбастауға жатпайды. Берілген жағдайда тұтынушы сапалы тауар сатып алған, сондықтан бұл жағдай Заңның 14-бабының 1 тармағымен реттеледі, оған сәйкес: сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу