Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
20 жастағы қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл оның мансабындағы - үшінші әлем чемпионаты жеңісі.
"Психологиялық тұрғыда оңай болған жоқ, себебі елім менен алтын күткен еді. Мен өз мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада күтіп тұр. Сол жарыстарға дайындалып, барымды саламын. Елімді жеңістеріммен әлі де қуантамын деп ойлаймын", - деді Ризабек Айтмұхан финалдағы жеңісінен кейін Qazsport арнасына берген сұқбатында.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының 97 кг салмақ дәрежесінде Ризабек финалдық бәсекеде ирандық балуан Махди Морафахты 11:6 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Оқи отырыңыз