KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

gov.kz

11.11.2024, 15:00 101 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1999 жылы тергеуші болып бастаған. Басшылық қызметте тәжірибесі бар

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу