KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

2026 жылы курорттық аймақтарда үш әуежай пайдалануға беріледі

Фото: pexels.com

27.01.2026, 16:00 313 Төлеуғазы Жансая

2026 жылы еліміздің туристік аймақтарына қатынауды жеңілдету мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар пайдалануға беріледі. Арқалық әуежайы қайта қалпына келтіріледі. Халықаралық әуе қатынасы да кеңейіп, Вена, Рим, Шанхай бағыттарын қоса алғанда, 15 жаңа халықаралық рейс ашылмақ.

Теміржол саласында жолаушылар паркі 191 жаңа вагонмен толықтырылады. Жазғы маусымда 13 қосымша пойыз бағыты іске қосылып, бұл 400 мыңға жуық қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.

Автожол саласында туристер жиі баратын бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді. Жаңаөзен–Кендірлі, Өскемен–Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, 5 мың шақырымға жуық жол жөнделеді.

Сонымен қатар, танымал бағыттардың бірі – Алакөл көліне Астана, Алматы және шығыс өңірлерден 8 қосымша пойыз қатынайды. Жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында 50 жаңа нысан салу көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу