«Көзімді жұмсам да көрем сені…»: Әлібек Қаңтарбаевтың лирикалық драмасы Алтай қаласында көрсетілді
Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жанындағы Жастар театрының қатысуымен белгілі жазушы Әлібек Қаңтарбаевтың «Көзімді жұмсам да көрем сені…» атты лирикалық драмасының гастрольдік қойылымы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған спектакль қала өміріндегі айтулы мәдени оқиғаға айналып, түрлі жастағы көрермендерді жинады. Қойылымда терең философиялық және адамгершілік тақырыптар қозғалып, адамның ішкі жан дүниесі, толғаныстары, естеліктері мен өмірдің мәнін іздеуі көркем түрде ашып көрсетілді. Актерлердің шынайы ойыны, сахналық бейнелердің әсерлілігі мен эмоциялық нақышы көрермендерді толықтай баурады.
Қойылым көрермендерді бейжай қалдырмай, жылы ықылас пен шынайы сезімге толы әсер қалдырды.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, спектакльдің гастрольдік көрсетілімі Алтай қаласының мәдени өмірін дамытуға елеулі үлес қосып, театр өнерінің рухани тәрбие берудегі және ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Көрермендер өнер иелерін ұзаққа созылған қошеметпен қарсы алып, театр ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді. Бұл – актерлердің жоғары кәсібилігі мен қойылымда көтерілген тақырыптардың өзектілігінің айқын көрінісі.