KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
501.02 597.27 6.59

eGov.kz порталында жер қатынастарына қатысты бірқатар жаңа мемлекеттік қызмет қолжетімді 

27.01.2026, 15:00 90 Ержан Әбіш

2026 жылғы қаңтар айынан бастап eGov.kz порталында жер қатынастары саласына қатысты бірқатар жаңа мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды. Атап айтқанда, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру қызметтері іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа электрондық сервистер мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін барынша жеңілдетуге, өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға және жер қатынастары саласындағы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған қызметтерді іске қосу Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру және автоматтандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу