Премьер-министр теміржолға жасанды интеллект енгізуді тапсырды
Үкімет
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов теміржол саласын заманауи цифрлық жүйелер арқылы дамытуға тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу және ақпараттық жүйелерді біріктіру есебінен саланың тиімділігі артады.
«Мемлекет басшысының қатысуымен жуырда Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластері іске қосылды. Осы тұрғыда жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керек.
Мысалы, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алады.
Теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет», — деді Премьер-министр.

Оқи отырыңыз
Биыл елімізде 53 теміржол вокзалы жаңғыртылмақЕлімізде цифрлық трансформацияны іске асыруға арналған арнайы топ құрылдыЭлектронды үкімет платформасына жасанды интеллект технологиясы енгізіледіҮкіметте білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыландыeGov жүйесіне виртуалды көмекші енгізілді