KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
515.25 535.91 5.18

eGov жүйесіне виртуалды көмекші енгізілді

gov.kz

Бүгін, 10:00 113 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда eGov жүйесінде жаңа виртуалды көмекші іске қосылды. Бұл туралы Үкіметтің көшпелі отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, цифрлық технологиялар халық өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанымен, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдалануда қиындықтарға тап болатын қазақстандықтар әлі де бар. Осы мәселені шешу үшін жасанды интеллект негізінде онлайн көмекші әзірленген.

– Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жасанды интеллектті белсенді түрде енгізу қажет деп санаймыз. Азаматтардың күнделікті әрекеттері цифрландырылғанына қарамастан, қосымша көмекші ретінде виртуалды ассистент маңызды рөл атқарады, – деді Жаслан Мәдиев.

Министр жасанды интеллект білім беру мен әлеуметтік салаларда да қарқынды енгізіліп жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда цифрлық құжаттар толығымен физикалық құжаттарға теңестірілді. Ел ішінде саяхаттау кезінде азаматтарға құжаттарын қолында алып жүрудің қажеті жоқ. Биыл осындай 200 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, «онлайн нотариус» қызметі іске қосылып, 175 мыңнан астам адам елден тыс жерде отырып-ақ нотариалдық қызметтерді пайдалана алды, – деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, жасанды интеллекттің көмегімен 700 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған.

– Ата-аналар жасанды интеллект арқылы баласының тегін тамақ алғанын бақылай алады. Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмек алу қызметі де цифрландырылды. Барлық мемлекеттік дәріханалар жаңа технологиямен қамтамасыз етілген, ал азаматтар арнайы ваучер арқылы дәрі-дәрмекті тегін ала алады, – деді ведомство басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу