Биыл елімізде 53 теміржол вокзалы жаңғыртылмақ

Фото: Жасанды интеллект
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылы теміржол вокзалдарын жөндеу және жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев қазіргі таңда 5 вокзалда реконструкция аяқталғанын хабарлады. Сонымен қатар жыл соңына дейін туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар вокзал маңындағы алаңдарды да ретке келтіру жұмыстарын қатар атқаратын болмақ.
Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек, - деді премьер-министр.
Оқи отырыңыз
Су тасқынынан келген залалды бағалау бойынша тапсырма берілдіКендірлі, Зайсан, Қатонқарағайда әуежайлар құрылысы биыл аяқталадыПремьер-министр Қазақстандағы баспана кезегіне қатысты тапсырмалар берді"Қарағанды – Аягөз – Боғас" тас жолы жөнделмекПремьер-министр меморгандар мен әкімдіктерді сынға алды