Өскемен: Жыл басынан бері 2500-ден астам адам жұмыспен қамтылды
Жыл басынан бері облыс орталығында үш жарым мыңнан астам адам тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасқан.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, екі жарым мыңнан астам қала тұрғыны тұрақты жұмыс орнына орналасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, 10 ай ішінде облыс орталығында халық үшін үш мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Қаңтар-қазан айлары аралығында қаланың жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін алты жарым мыңнан астам адам жүгінді. Айта кетейік, тұрғындарға Президенттің ҚР халқына жолдауындағы азаматтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне бағытталған тезисіне сәйкес көмек көрсетіледі.