KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
504.44 545.65 5.95

Күршімде 115 кәсіпкер қайтарымсыз грант алған

29.12.2021, 00:03 380

Күршім ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 173,3 млн.теңгеге 9 іс-шара өткізілген. Оның ішінде жеке бизнес ашу үшін 115 өтеусіз мемлекеттік грант берілді.

-      Оның ішінде аз қамтылған отбасы -17, көп балалы ана-6, өзін– өзі жұмыспен қамтығандар-48, жастар-39, жұмысқа жарамды мүгедектер -2, қоныс аударғандар -3, - деді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Сондай-ақ, жұмыспен қамту бөлімінде жұмысқа орналасу мәселесімен 529 адам тіркелген, оның ішінде 401 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 76,3% құрады.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 323 адам, жастар практикасына 18 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам жіберілген.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу