Алтай ауданында 535 жаңа жұмыс орны ашылады
ШҚО-ның Алтай ауданында алдағы уақытта 535 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Алтай ауданында халықты жұмыспен қамту үшін мемлекеттік қолдауды іске асыруға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 81 млн теңге бағытталып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осы ретте биыл Алтай ауданында 535 субсидияланатын жұмыс орны құрылып, 30 млн теңгеге 22 грант бөлінеді.
- Өткен жылы азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтудың барлық бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады. Жұмыс берушілердің қатысуымен 6 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарында 797 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 366 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, - деді аудан әкімінің орынбасары Сергей Охременко.
Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын кәсіптік оқытуға жұмыссыз жүрген 55 адам жіберіліпті. Олар қазір жұмысқа орналасып та қойған. Бұл бағыттағы шаралардың барлығы биыл жалғасын табады екен.
Оқи отырыңыз