KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
478.54 533.76 5.17

ШҚО әкімі Әлем чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті

29.05.2023, 17:07 241

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ташкентте өткен Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған боксшылармен кездесті.

Әкім спортшылардың әрқайсысының жетістігін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Алтын мен Әлем чемпионы атағын Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Сабырхан Махмұд (54 келіге дейін) және Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) жеңіп алды. Чемпионаттың күміс жүлдегері 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов болды. Боксшылар Өскемендегі Спорт кластерімен танысты, атап айтқанда, біз оларды ең заманауи диагностикалық-оңалту диспансері орналасқан үстел теннисі орталығында оңалту курсынан өтуге шақырдық. Бұл – қыркүйек айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін жақсы бастама. Біздің боксшылардың медальдар үшін күресуге және халықаралық деңгейдегі жарыстарда елдің намысын қорғауға бел буғаны қуантады, – деді әкім.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив