ШҚУ оқытушылары халықаралық экспедицияға қатысты
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook парақшасынан алынды
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті биология кафедрасының оқытушылары мен докторанттары Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ұйымдастырылған халықаралық экспедицияға қатысты.
Ұлттық табиғи парк аумағындағы экспедиция Фрайбург университетімен (Германия) бірлесіп ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Докторанттар ағаш тектес өсімдіктерді ботаникалық зерттеу кезінде қолданылатын бұрғылау әдісін меңгеріп, өсімдіктің фотосинтез процесіне портативті жүйенің көмегімен талдау жүргізді. Сонымен қатар ғылыми тағылымдамадан өту және Scopus базасына енетін ғылыми мақаланы жариялау туралы сұрақтарын шетелдік ғылыми кеңесшілерге қойып, кеңес алды.
Экспедиция барысында қажетті материал жиналып, өсімдіктер қоры толықтырылды.